Eurasian Cultural Alliance Public Association
Republic of Kazakhstan, Almaty
Nurmakov str, 79

For all inquires please contact vladislavsludskiy@gmail.com
Варгас-Суарес Универсал
Amazing Maze
18 НАУРЫЗ – 15 МАМЫР, 2023
Еуразиялық Мәдени Альянс Қазақстандағы алғашқы жеке көрмені ұсынады заманауи суретші Рафэль Варгас-Суарестің 'Amazing Maze' көрмесі, ол EGIN кеңістігінде орын алады. Көрмеде соңғы үлгілер бар суретші жасаған суреттер, киізден жасалған бұйымдар, дыбыстық
арт-инсталляция, сонымен қатар көрме үшін арнайы жасалған кеңістіктік және сезімдік туындылар.
Варгас-Суарес Универсал Мехико қаласында дүниеге келген, қазіргі кезде Бішкек, Хьюстон және Нью-Йорк арасында тұрады. Көрменің атауы
латынамерикалық жазушы Хорхе Луис Борхестің «Айырылған жолдар бағы» шығармасымен байланысты. Шығармадағы Цюй Пэн атты монах лабиринт бағын өсіреді, бұл лабиринт бағы кітап жазудың метафорасы болып табылады. Мәтін, символдар лабиринті сияқты, әлемнің әртүрлі космологияларын үнемі шарлап, тек жаңаны табу үшін кедергілерді еңсереді - бұл Варгас-Суарестің визуалды және концептуалды тілдерінің қиылысында айқын көрінеді. Оның дерексіз өнері көрерменге Наска топологиялық геоглифтеріне сілтеме жасайды. Ол бір жағынан суретшінің өткенімен және оның болмысымен байланысты, ал екінші жағынан футуристік және технократтық мифологияларға бай NASA ғарыш орталығы орналасқан Хьюстондағы Варгас-Суарестің балалық шағымен байланысты болып келеді.
Варгас-Суарестің көркемдік ізденістерінің негізгі құрамдас бөлігі – осы
белгілердің ретрансляциясы. Оның Қазақстандағы алғашқы жеке көрмесі
техникалар мен технологияларды біріктіруге арналған – лабиринт мұнда
бір-бірімен байланысы бірден көрінбейтін тақырыптар мен қашықтықтарды біріктіретін нысан: геоглифтер, уақыт пен орын, ғарыш, мәтін, қозғалыс.
18 наурыз, сенбі күні сағат 16-ден 20-ге дейін ашылуына шақырамыз Amazing Maze жеке көрмесі.
Варгас-Суарес Универсал
'Amazing Maze'
18 наурыз - 15 мамыр
16:00 - 20:00

EGIN кеңістігі,
Нурмаков көшесі 79
Алматы, Қазақстан
+ 7 701 1000 922

Кураторы Владислав Слудский
КУРАТОР ТУРАЛЫ:
Владислав Слудский өз мансабында Нью-Йорктегі Metis Art Education,Ethan Cohen Gallery Сингапурлық компаниясында жұмыс істеген тәуелсіз арт-кеңесшісі. Ол Ай Вэйвэй, Шу Бинг, Сунь Юань мен Пэн Ю, Яёй Кусама, Энди Уорхол, Джон Кесслер, Жанг Хуан, Гу Дешин, Цинь Фэн, Гонсало Мабунда, Абудия, Моффат Такадива жәнеХью Хайдан сияқты танымал суретшілердің жеке және топтық көрмелерін өткізді.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ МӘДЕНИ АЛЬЯНС ТУРАЛЫ:
2011 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым Қазақстанның заманауи өнерін қолдаумен және дамытумен айналысады. EМA креативті экономиканың өсуін ынталандырады, Қазақстанның әртүрлі өнірлерінің мәдениет саласына әлеуметтік тартылуын арттырады және қазақстандық бірегейлікті кең халықаралық контекстке біріктіреді.

Соңғы 13 жылда Еуразиялық Мәдени Альянс Қазақстанда және одан тыс жерлерде ондаған заманауи өнер көрмелері мен фестивальдарын, бірқатар білім беру бастамалары мен жобаларын ұйымдастырды.
EGIN МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ:
EGIN — Қазақстанда жыл бойына заманауи өнерді дамытып, қолдау көрсетіп келе жатқан Еуразиялық Мәдени Альянс қоғамдық бірлестігінің негізінде құрылған жаңа мәдени кеңістік.

Egin қазіргі коғамның жағдайын ой елегінен өткізетін орынға айналуды мақсат етеді. Egin-нің білім беру бағдарламалары өзекті әлеуметтік мәселелер туралы теоретикалық пікірталастарда негізгі нұсқауларды, сондай-ақ оларды көркем және мәдени формаларда көрсетудің практикалық дағдыларын алуды қамтамасыз етеді.

Координатор: Әмір Шакаров +7 777 644 34 71
Біздің поштамыз egin.artspace@gmail.com